1 шілдеде Қазақстан парламенті туралы заңның күші жойылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Парламент палаталарының бірлескен отырысында "ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы қаралды. Бұл заң қабылданғаннан кейін парламент туралы заң күшін жояды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Парламент депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.
Заң қабылданып, күшіне енсе, парламент мәжілісіне енгізілген заң жобалары осы Конституциялық заңға және құрылтайдың регламентіне сәйкес қаралады.
"Заң жобасы биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Сондай-ақ "ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңның және "ҚР парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы заңның күші жойылады", - деді депутат Айдос Сарым.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 8 мамырда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, онда президент, құрылтай және сайлау туралы конституциялық заңдар қаралуда.
Бұған дейін "ҚР президенті туралы" Конституциялық заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдағанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2374385-1-shildede-qazaqstan-parlamenti-turaly-zangnyng-kushi-zhoiylady/