Халық кеңесі мүшелеріне жалақы беріле ме
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет кулуарында депутат Ерлан Саиров Халық кеңесі мүшелеріне бюджеттен жалақы берілетін-берілмейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Депутат Ерлан Саиров Халық Кеңесінің хатшылығы мемлекеттік орган болатынын және бюджеттен қаржыландырылатынын атап өтті.
"Басшылық пен хатшылық құрамында адам өте аз болады. Менің ойымша, 10 адамнан аспайды. Халық кеңесінің мүшелері ерікті түрде жұмыс істейді, ешкім жалақы алмайды", - деді ол.
Саировтың айтуынша, Халық кеңесі тепе-теңдік негізінде құрылады: ұлттық мәдени орталықтардан, қоғамдық бірлестіктерден және аймақ өкілдерінен 42 адамнан. Барлығы 126 адам болады.
"Кандидаттарды қоғам өкілдері, яғни еліміздің халқы ұсынады, бірақ нақты тізімді Қазақстан Республикасының президенті бекітеді.
Халық кеңесіне қоғам белсенділері, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты бойынша айқын ұстанымы бар азаматтар, сондай-ақ аймақтар өкілдері кіруі керек деп санаймын" - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2377046-halyq-kengesi-mushelerine-zhalaqy-berile-me/