Путин, Си Цзиньпин, Мирзиеев: Тоқаевты туған күнімен қай елдің басшылары құттықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түрлі елдердің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты 73 жасқа толуымен құттықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатқанын хабарлады.
Мемлекет басшысының атына:
- Ресей президенті Владимир Путин;
- Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин;
- Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев;
- Қырғызстан президенті Садыр Жапаров;
- Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон;
- Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов;
- Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев;
- Беларусь президенті Александр Лукашенко;
- Армения президенті Ваагн Хачатурян;
- Армения премьер-министрі Никол Пашинян;
- БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян;
- БАӘ Вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум;
- Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни;
- Италия президенті Серджо Маттарелла;
- Сербия президенті Александр Вучич;
- Молдова президенті Майя Санду;
- Словакия президенті Петер Пеллегрини;
- Словения президенті Наташа Пирц-Мусар;
- Корея Республикасының президенті Ли Чже Мең;
- Мьянма президенті Мин Аун Хлайн;
- Палестина президенті Махмұд Аббас;
- ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Құттықтау хаттары әлі де келіп түсуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2377449-putin-si-tszinpin-mirzieev-toqaevty-tugan-kunimen-qai-elding-basshylary-quttyqtady/