jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев қашан Құрылтай сайлауы өтетінін және Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын айтты

    мәжіліс отырысы
    Мәжіліс отырысы. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

    Мемлекеттік рәміздер күнініне орай ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция мен елдегі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

    Президенттің айтуынша, жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды.

    "Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі.

    Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент елдің ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басатынын айтты.

    "Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысады", - деді ол.

    Тоқаев қашан Құрылтай сайлауы өтетінін және Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.