Тоқаев білім беру, денсаулық сақтау және цифровизация салаларына қатысты заңдарға түзетулер енгізді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы түрлі сала бойынша бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Одан бөлек мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Сонымен қатар мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2392537-toqaev-bilim-beru-densaulyq-saqtau-zhane-tsifrovizatsiia-salalaryna-qatysty-zangdarga-tuzetuler-engizdi/