jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Фото: Ақорда

    Астанада парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы басталды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бірлескен отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің 30 жылдық жұмысын қорытындылап, жаңа кезеңнің мақсатын айқындайды: Қазақстанда қос палаталы парламент бір палаталы Құрылтаймен алмасады.

    Айта кетейік, 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты, бұл отырыс қазіргі қос палаталы парламенттің тарихындағы соңғы жиын ретінде тіркелмек.

    Естеріңізге сала кетейік, сенат кеше Астанада соңғы отырысын өткізді. Сенаторлар онда бірқатар заңды мақұлдады.

    Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.