jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

    қол қою
    Қол қою. Көрнекі фото: pxhere.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы ол парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысында айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады.

    Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоямын", - деді президент.

    Мемлекет басшысы саяси науқанды жоғары деңгейде өткізу керектігін айтты.

    "Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс. Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді.

    Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы және мәдениеті биік ұлттарға ғана тән қасиет.

    Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.