jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында басшылық лауазымдағы кей қызметкерлер қысқартылды

    Костюм киген ер адам
    Костюм киген ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Үкіметтегі брифингте "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов оңтайландыру аясында компанияның орталық кеңсесінде қанша қызметкер қысқартылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов компанияның орталық аппаратындағы оңтайландыру туралы, оның ішінде бірнеше басшының қысқартылғаны туралы айтты.

    "10 пайызы, яғни, 47 адам", - деді Асхат Хасенов.

    Сондай-ақ компания басшысы жұмыстан қысқарып қалған қызметкерлерге қандай да бір әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылатыны-қарастырылмайтыны туралы сұраққа жауап берді.

    "Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында жасалуда", - деп қысқаша жауап берді ҚМГ басшысы.

    Ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлері: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ - 67,42 пайыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - 20 пайыз, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі - 9,58 пайыз, азшылық акционерлер - 3 пайыз.

    "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында басшылық лауазымдағы кей қызметкерлер қысқартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.