jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Выборы
    Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру үшін "Internet Portal Nur" ("Интернет Портал Нур") ЖШС-нің NUR.KZ сайтында және NUR.KZ онлайн платформаларында (әлеуметтік желілерінде) интернет-алаңдар ұсынуының жалпы шарттары.

    NUR.KZ сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі "Internet Portal Nur" ("Интернет Портал Нур") ЖШС "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 "Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау тағайындау туралы" Жарлығы бойынша 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) Сайтта және онлайн платформаларда сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін Интернет-алаңдар ұсыну тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы хабардар етеді.

    Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-ден кейін басталып, сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады, осылайша үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.

    Сайт жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалған келісімшарт негізінде Интернет-алаңдарын ұсынады.

    Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен келісімшартпен бекітіледі.

    Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік ретімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен өтінімнің қабылданған күнін белгілеу арқылы тіркеледі.

    Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

    1. партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
    2. саяси партияның сенімді тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (соның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
    3. өтініш беретін саяси партияның сенімді тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі;
    4. шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
    5. үгіт материалының қағаз жеткізгіштегі мәтіні.

    Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

    Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей мынадай форматта ұсынылады:

    Стандартты баннерлер

    1. Пиксельдердегі геометриялық өлшем мынаған тең болуы керек: 728x200/240х400/300x250/240х200 px.
    2. Баннер графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде немесе HTML5 түрінде әзірленуге тиіс.
    3. Графикалық файлдардың максималды салмағы 100 Кб, ал HTML5 үшін – 150 Кб болуы керек.

    Жаңалықты брендтеу (Desktop)

    Брендтеу мынадай өлшемдердегі үш суреттен құралады:

    1. Жоғарғы баннер – 1920х120 px.
    2. Сол жақтағы баннер – 384х960 px.
    3. Оң жақтағы баннер – 384х960 px.
    4. Суреттердің жалпы салмағы 300 Кб-ден аспауға тиіс.

    Жаңалықты брендтеу (Mobile)

    1. Брендтеу өлшемі 1024х96 px болатын бір суреттен, яғни "шапкадан" құралады.
    2. Қауіпсіз зона 320х96 px-ді құрайды.
    3. Баннерді PNG немесе JPEG форматында әзірлеуге болады.
    4. Суреттің салмағы 100 Кб-ден аспауға тиіс.

    Әдеттен тыс баннерлер

    Interscroller

    1. Геометриялық өлшемі – 300х500 px.
    2. Файлдың максималды салмағы – 150 Кб.
    3. Баннерді графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде әзірлеуге болады.

    Fullscreen

    1. Десктоп үшін геометриялық өлшемі – 800х600 px, мобайл үшін – 320х480 px.
    2. Баннерді графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде әзірлеуге болады.
    3. Креативтің салмағы 150 Кб-ге дейін.

    Profit Button

    1. Нақты өлшемі 150х150 px болуы керек.
    2. Креативтің салмағы 100 Кб-ге дейін.
    3. Креативті графикалық файл (*.gif,*.png) түрінде әзірлеуге болады.

    Бейнереклама

    Scroll-roll

    1. Тұнықтығы кемінде 720p.
    2. Видео файлдар (*.flv, *.mp4, *.ogv, *.webm, VAST 2.0) — 100 Mб-ге дейін.
    3. Хронометражы 20 секундқа дейін.

    *Баннерлік жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің бар-жоғын алдын ала нақтылау қажет.

    Мақала – 4000 таңбаға дейінгі мәтіні бар Word-файлы + ені 1200 px және биіктігі 800 px болатын көлденең бағытталған 5 (бес) фотоға дейін. Шеттерінің арақатынасы 16:9 болғаны абзал.

    NUR.KZ редакциясы мақаланың тақырыбына, лидіне немесе мәтініне өз қалауы бойынша түзетулер енгізу құқығын өзінде сақтап қалады.

    Мақала тақырыбы (7-8 сөзден аспауы керек) және лиді NUR.KZ форматына сәйкес болуы керек.

    NUR.KZ-тің жаңалықтар лентасында мақала анонсын орналастыру позициясы бекітіледі: "Топ-жаңалықтар" - 4 немесе 5-орын; "Қазақстан және әлем жаңалықтары" - 3, 6 немесе 9-орын; айдарлар бойынша – 4 немесе 5-орын.

    Мақала анонсы жарияланған сәттен бастап келесі күні сағат 09:00-ге дейін басты бетте орналастырылады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда жоғалтылған жариялау уақыты өтелмейді.

    Instagram:

    • Жазба: 2000 белгіден аспайтын мәтін + шаршы өлшеміндегі (1080*1080 px) сапалы сурет. Суретте мәтін саны минималды.
    • Stories: 1080*1920 өлшеміндегі сапалы сурет немесе ұзақтығы 60 секундқа дейін тік видео (9:16), файл форматы mp4, максималды салмағы 150 Мб.

    Telegram:

    • Мәтін бос орынды қоса алғанда 700 белгіден аспауға тиіс. Мәтін, сілтемелер, суреттер жеке-жеке берілуі керек.
    • Видео 5 Мб-ден аспауға тиіс, файл форматы mp4.
    • Жазба каналда бекітілмейді.
    • "PR құқында" немесе "Үгіт материалы" белгісі міндетті түрде қойылуы керек.
    • Өзге каналдардан репост жасалмайды.

    Жарнамаға қойылатын жалпы және техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements Интернет-парақшасында толық жазылған.

    *Алдын ала броьндау бір жұмыс күні бұрын жасалуы керек.

    Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның тегі көрсетілуге тиіс.

    Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттарға олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тұрғысынан жеке жауапкершілік жүктеледі.

    Сайт иесі үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құруды көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда кездесетін жоғарыда аталған сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

    Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.

    Сайтта үгіт материалдарын орналастыру бағасы мынадай:

    Баннерлер

    Динамика (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға):

    728x200 px + 300x250 px – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 840 тг. (desktop+mobile).

    240x600 px + 240x200 px + 300x250 – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 840 тг. (desktop+mobile+app).

    240x400 px + 240x200 px + 300x250 – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 360 с тг. (desktop+mobile+app).

    Статика (25% трафик үшін бекітілген баға – апта)

    240х400 px екінші позиция – ҚҚС-ны есепке алғанда 140 000 тг.

    Брендтеу Жаңалықтар (desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 3 720 тг.

    Interscroller Жаңалықтар (mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

    Scroll-roll, 20 секундқа дейін видео Жаңалықтар (Desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

    Profit Button Тұтас (Desktop/mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

    Fullscreen (Desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 5 120 тг.

    Материалдарды Сайттың орысша нұсқасында орналастыру:

    1. "Топ-жаңалықтарда" 1 мақаланы орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 352 000 тг.
    2. "Топ-жаңалықтарда" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 260 000 тг (бір мақала үшін).
    3. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 1 мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 928 000 тг.
    4. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 870 000 тг (бір мақала үшін).
    5. Тақырыптық айдарда 1 мақаланы орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 540 000 тг.
    6. Тақырыптық айдарда 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 500 000 тг (бір мақала үшін).
    7. "Баспасөз хабарламаларында" 1 мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 352 000 тг.
    8. "Баспасөз хабарламаларында" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 330 000 тг (бір мақала үшін).

    Мақаланы сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында да шығару – 30% үстеме

    Материалдарды сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында орналастыру:

    1. "Топ-жаңалықтарда" 1 мақаланы орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 772 000 тг.
    2. "Топ-жаңалықтарда" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 700 000 тг (бір мақала үшін).
    3. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 1 мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 600 000 тг.
    4. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 550 000 тг (бір мақала үшін).
    5. Тақырыптық айдарда 1 мақаланы орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 428 000 тг.
    6. Тақырыптық айдарда 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚҚС-ны есепке алғанда 400 000 тг (бір мақала үшін).

    Орналастырылатын барлық мақала анонсы 4 000 таңбаға дейін болуы керек, анонсқа 5 фотосуретке дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеоға дейін қосуға болады.

    Таңбалар саны асқан жағдайда, мақалалар Лонгрид форматында (8 000 таңбаға дейін және 15 фотосуретке дейін) 25% үстеме баға бойынша орналастырылады.

    *Мақалалардың барлық анонсы Nur.kz немесе Kaz.nur.kz интернет-алаңының басты бетінде орналастырылады.

    * Бағалар бірлік (1 мақала) үшін бекітілген

    Пакеттік ұсыныс:

    "№1 Пакет" - ҚҚС-ны есепке алғанда 8 022 500:

    1. Тақырыптық айдардағы мақала (орыс немесе қазақ тілінде) 4 000 таңбаға дейін, 5 фотосуретке дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін — 5 мақала.
    2. Instagram @kaznews немесе @kaznur.kz — 5 жазба.
    3. Telegram @newsnurkz немесе @kaznurkz — 5 жазба.
    4. 728х200 + 300x250 (desktop+mobile) немесе 240x600/240х400 + 240x200 + 300x250 (desktop+mobile+app)— тәулігіне 100 000 көрсетілім — 10 күн.

    "№2 Пакет" - ҚҚС-ны есепке алғанда 20 868 000:

    1. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" таспасы (орыс немесе қазақ тілінде) 8 000 таңбаға дейін және 15 фотосуретке дейін — 12 мақала.
    2. Instagram @kaznews немесе @kaznur.kz — 12 жазба.
    3. Telegram @newsnurkz немесе @kaznurkz — 12 жазба.
    4. 728х200 + 300x250 (desktop+mobile) немесе 240x600/240х400 + 240x200 + 300x250 (desktop+mobile+app) — тәулігіне 150 000 көрсетілім — 20 күн.

    "№3 Пакет" - ҚҚС-ны есепке алғанда 35 068 000:

    1. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" таспасы (орыс немесе қазақ тілінде) 8 000 таңбаға дейін және 15 фотосуретке дейін — 22 мақала.
    2. Instagram @kaznews немесе @kaznur.kz — 11 жазба.
    3. Telegram @newsnurkz немесе @kaznurkz — 22 жазба.
    4. Брендтеу статика - 100%, басты бет (desktop+mobile) — 30 күн.
    5. Брендтеу Жаңалықтар (desktop+mobile) — тәулігіне 100 000 көрсетілім — 30 күн.

    Онлайн платформаларда жариялау

    Instagram (@kaznews)

    • 1 жазба орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 432 000 тг.
    • 5 және одан көп жазба орналастыру (бір пост үшін) — ҚҚС-ны есепке алғанда 400 000 тг.
    • 1 stories орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 270 000 тг.

    Telegram @newsnurkz

    • 1 жазба орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 540 000 тг.
    • 5 және одан көп жазба орналастыру (бір пост үшін) — ҚҚС-ны есепке алғанда 500 000 тг.

    TikTok @newsnurkz

    • 1 видео орналастыру — ҚҚС-ты есепке алғанда 540 000 тг.
    • 5 және одан көп видео орналастыру (бір пост үшін) — ҚҚС-ты есепке алғанда 500 000 тг.

    *Бағалар бірлік (1 жазба) үшін көрсетілген.

    Онлайн платформалардың қазақ тіліндегі нұсқасында жариялау

    Instagram (@kaz.nurkz)

    • 1 жазба орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 207 000 тг.
    • 1 stories орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 108 000 тг.

    Telegram (@kaznurkz)

    • 1 жазба орналастыру — ҚҚС-ны есепке алғанда 180 000 тг.

    *Клиенттің аккаунтымен @kaznews немесе @kaznur.kz Instagram жазабаларды бірлесіп жариялау қосымша үстеме - 30%

    Жасалған келісімшартқа сәйкес, Сайтта және онлайн платформаларда үгіт материалдарын орналастыру үшін төлем Сайт иесі ұсынған төлем шоты негізінде - шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Жазбаша өтініштерді меншік иесі 2026 жылғы 17 шілде мен 2026 жылғы 17 тамызды аралығында (17 тамызды қоса алғанда және демалыс пен мереке күндерін қоспағанда), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Тұран 19/1, "Эдем" БО, 2-қабат, 205-кеңсе.

    Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде және Интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

    ТОО "Internet Portal Nur"

    ("Интернет Портал Нур")

    Бахридинов Қ.Ғ.

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.