jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі лауазымындағы қызметі аяқталғанын мәлімдеді

    Ғалым Әшімов
    Ғалым Әшімов. Фото: instagram.com/galym__ashimov

    Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ғалым Әшімов Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, Теміртау қаласының әкімі ретіндегі жұмысын аяқтағанын мәлім етті.

    "Әрбір теміртаулыққа бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және ашық диалогы үшін ерекше алғысымды білдіремін. Осындай ашық қарым-қатынас нақты мәселелерді көріп, оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік берді.

    Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Алда қандай қызметтер күтіп тұрса да, жүрегімнің бір бөлшегі – металлургтер қаласында, қайсар жандар мен ерекше мінездің мекені болған Теміртауда қалады.

    Теміртаудың игілігі жолында бірге еңбек етіп, қаланың дамуына өз үлесін қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.

    Теміртау қаласына бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу және жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта бақ-береке, молшылық және ертеңгі күнге деген сенім салтанат құрсын.

    Сіздерге білдірген сенімдеріңіз үшін рақмет! Бірге атқарған ортақ еңбегіміз үшін алғыс айтамын",- деп жазды ол.

    Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі лауазымындағы қызметі аяқталғанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.