Тоқаев екі облыстың әкімін қабылдап, оларға тапсырмалар берді
Жарияланған күні:

Бүгін, 27 шілдеде мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты және Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Болат️ Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндады.
Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.
️Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады.
Есет Байкен президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Ұлытау облысының орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2404577-toqaev-eki-oblystyng-akimin-qabyldap-olarga-tapsyrmalar-berdi/
