jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тікелей жауаптысыздар": Бектенов министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

    Үкімет отырысы
    Үкімет отырысы. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық жобаға қатысты министрлер мен әкімдерге тапсырма беріп, олардың әрқайсысы тікелей жауапты екенін еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет басшысы Ұлттық жоба шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті. Премьер Ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін еске салды.

    "Қажетті нормативтік құқықтық база толықтай қабылданды, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері айқындалды. Өңірлерде ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге уақтылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтап қана қоймай, одан әрі арттыра түсу қажет", - деді Олжас Бектенов.

    Сондай-ақ үкімет басшысы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны жүзеге асырудағы негізгі мәселелерінің бірі өңірлерде уақтылы шарт жасасып, қаржыландыруды қамтамасыз ету екенін айтты.

    "Облыстардың әкімдіктеріне екі апта ішінде осы жылы жүзеге асырылатын жобалар бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірге жыл соңына дейін барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз етіңіздер. Бұл үшін облыс әкімдері тікелей жауапты болады", - деді Олжас Бектенов.

    Бұдан бөлек, премьер-министр министрліктерге биылғы 1 қыркүйекке дейін мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жаңа өндірістер құру және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту бойынша әлеуетті офтейк-келісім-шарттарды бекіту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

    "Энергетика және коммуналдық секторлардағы цифрлық құралдар барлық бизнес-үдерістің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады.

    Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жұмыстарын жеделдетсін", - деді Олжас Бектенов.

    Сонымен қатар биылғы 1 қыркүйекке дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған коммуналдық ресурстарды есепке алу құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған бірыңғай стандарттарды қабылдау міндеті қойылды.

    Бұл ретте үкімет басшысы "Бәйтерек" холдингіне осы жылдың соңына дейін мәлімделген барлық жобаны биылғы 1 қыркүйекке дейін дереу қаржыландыруды қамтамасыз етуді тасырды.

    Ал барлық өңір әкімдігіне биылғы 1 қыркүйекке дейін 2027 жылға жоспарланған жобалар бойынша Ұлттық жобаның электрондық платформасына тиісті өтінім жіберіп, оларды мүдделі тараптармен келісуді қамтамасыз етуді тапсырды.

    "Тікелей жауаптысыздар": Бектенов министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.