jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Жетінші арнада" сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды

    жербе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    "Жетінші арнада" сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтын жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.

    Бүгін "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде 5 тамыз күні Астанадағы "Қазмедиа орталығы" концерт залында өтетін сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысатын саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Жеребе тартуға Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері қатысты. Рәсім ашық форматта ұйымдастырылып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік пен үдерістің ашықтығын қамтамасыз етті.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Жеребе тарту рәсімін өткізу үшін ішінде реттік нөмірлер жазылған карточкалар салынған арнайы ыдыс пайдаланылды. Жүргізуші партияларды кезекпен атап, әр партияның өкілі нөмір жазылған карточканы өзі таңдады. Жеребе нәтижелері электрондық жүйеде тіркеліп, экранда нақты уақыт режимінде көрсетіліп отырды.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Жеребе тарту қорытындысы бойынша телевизиялық дебат барысында саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу реті белгіленді:

    1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;

    2. "Ақ жол" партиясы – Дулат Тастекей;

    3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Максұт Насибулов;

    4. "Әділет" партиясы – Рауан Кенжеханұлы;

    5. "Байтақ" партиясы – Аслан Байзаханов;

    6. "Ауыл" партиясы – Шахмардан Байманов;

    7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.

    Жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Естеріңізге сала кетейік, телевизиялық дебаттар 5 тамыз күні сағат 20:26-да "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде өтеді. Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Жоба интерактивті форматта өтеді және төрт кезеңнен тұрады: партиялардың сайлауалды бағдарламаларын таныстыру, білім беру саласындағы бастамаларды талқылау, студия көрермендерінің сұрақтарына жауап беру және сайлаушыларға қорытынды үндеу жасау.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, оның аралық нәтижесі екінші кезеңде және қорытындысы соңында жарияланады.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Сонымен қатар көрермендер арнаның ресми Instagram парақшасында пікір қалдыра алады, олардың бір бөлігі тікелей эфир барысында экранда нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

    жеребе тарту
    Фото: "Жетінші арна"

    Теледебаттың тікелей трансляциясын "Жетінші арнаның" эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.

    "Жетінші арнада" сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.