jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Құрылтай сайлауы: дауыс берушілер сайлау учаскесін алдын ала қалай біле алады

    сайлау
    Сайлау учаскесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін қазақстандықтарға өзі дауыс беретін сайлау учаскесін алдын ала білуіне болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

    Биыл 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады.

    ОСК мәліметінше, GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.

    Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді.

    Төмендегі гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.

    • https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
    • https://sailau.gov.kz/kk
    • https://sailau2026.gov.kz/kk

    Сонымен қатар өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының "Танымал қызметтер" бөлімінде де қолжетімді.

    Құрылтай сайлауы: дауыс берушілер сайлау учаскесін алдын ала қалай біле алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.