jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

    "Ардақ Әмірқұлов бар саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін ұлықтауға мол үлес қосты. Кәсіби киногер ретінде "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" сияқты тарихи туындыларды таспалап, төл руханиятымыздың алтын қорын байыта білді. Қазақ кинематографиясын өркендету жолында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Соңына рухани мол мұра қалдырған Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

    Тоқаев кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.