jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты": президент халықтың саяси мәдениеті туралы айтты

    Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Кадр: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы алдындағы қоғамдық пікірталастарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы президент Құрылтай сайлауы алдында қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтты.

    Оның сөзінше, "сайлауалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті".

    "Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады. Бұл – түбегейлі саяси жаңғырумен қатар, ұлтымыздың қайта жанданған пассионарлық қуатын танытатын маңызды нышан.

    Қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты. Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін.

    Жалпы, халқымыздың саяси мәдениеті артып, жұртымыз мемлекеттік басқару ісіне атсалыса бастады. Бұл біз бір ел болып жүргізген реформалардың тікелей нәтижесі екені сөзсіз.

    Азаматтарымыз қастерлі Отанымыздың тағдырына шынайы жанашырлық танытып, еліміздің келешегіне жауапты екенін терең сезінуге тиіс. Сонда ғана Қазақстан одан әрі қарыштап дамиды", - деді ол.

    Президент сайлау науқаны отандық және халықаралық байқаушылардың жіті назарында болғанын атап өтті.

    "Біз "Заң мен Тәртіп" қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құрып жатырмыз", - дейді мемлекет басшысы.

    "Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты": президент халықтың саяси мәдениеті туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.