jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні басталды

    Құрылтай
    Құрылтай. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Юлия Абрамова

    Бүгін, 22 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні басталды. Түн ортасынан бастап кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 22 тамызда сағат 00:00-ден Қазақстанда тыныштық күні басталды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат қызметі заңсыз саналады.

    Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, тыныштық күні – бұл дауыс беру күнінің алдындағы күн, бұл уақытта кез келген кандидаттар мен саяси партияларды қолдап көпшілік алдында сөз сөйлеуге, үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні немесе оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум өткізілетін күні немесе оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізгендерге айыппұл салынады:

    • жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңге);
    • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге);
    • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (108 125 теңге);
    • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (151 375 теңге).

    Қазақстанда Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram