jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жұрттың бәрі сұрап жатыр": Тоқаев вице-президенттің есімі қашан белгілі болатынын айтты

    Шенеунік
    Шенеунік. Иллюстрациялық фото: VioletaStoimenova/Getty Images

    Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін өткен брифингте вице-президенттің есімі қашан белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    БАҚ өкілдерінің бірі Қасым-Жомарт Тоқаевтан Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі іске кірісіп, вице-президент лауазымы тағайындалғаннан кейін елде қандай өзгерістер болатынын сұрады.

    Президенттің айтуынша, жұрттың бәрі вице-президент лауазымы туралы сұрап жатыр.

    "Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын. Тағы басқа реформаларды іске асырамыз. Мысалы, Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі деген жаңа орган екенін атап өтті.

    "Кейбір азаматтар Ассамблея туралы сұрап жатыр екен. Халық Кеңесі Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтеді деп ойлаймын. Бұл көпфункционалды, жаңа саяси тетік деп айтуға болады. Сондықтан кеңестің жұмысы жемісті болатынына кәміл сенемін. Жалпы, жоспарымыз өте ауқымды. Осыған дейін айтқанымдай, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы керек", - деді президент.

    Мемлекет басшысы әр облыс орталығында немесе аудандар мен қалаларда ірі құрылыстар жүргізілетінін жеткізді.

    "Емханалар, балаларға арналған оңалту орталықтары, басқа да нысандар салынады. Астанада жаңа көпір, Домбыра сарайы, Су ресурстарын зерттеу орталығы секілді маңызды нысандар бой көтереді. Қалаларды абаттандыру керек. "Таза Қазақстан" акциясын ойдағыдай жалғастыру қажет.

    Сондықтан қол қусырып отыруға болмайды. Бәріміз бір ел болып іске кіріскеніміз жөн. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, Отан үшін бәріміз күш салуымыз керек. Жалпы, саяси науқан жақсы өтті. Себебі жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды идеялар айтылды. Бұл Құрылтай еліміздің дамуына тың серпін береді деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Жұрттың бәрі сұрап жатыр": Тоқаев вице-президенттің есімі қашан белгілі болатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.