jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Құрылтай сайлауы: сағат 14:00-дегі дауыс беру көрсеткіші қандай

    жәшігі
    Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Құрылтай сайлауында дауыс беру учаскелері ашылғалы бері жеті сағат өтті. Орталық сайлау комиссиясы сағат қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ОСК-ның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

    • Астана қаласы бойынша – 40,92 пайыз.
    • Абай облысы бойынша – 63,07 пайыз.
    • Ақмола облысы бойынша – 61,15 пайыз.
    • Ақтөбе облысы бойынша – 60,87 пайыз.
    • Алматы облысы бойынша – 54,57 пайыз.
    • Атырау облысы бойынша – 54,49 пайыз.
    • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21 пайыз.
    • Жамбыл облысы бойынша – 50,58 пайыз.
    • Жетісу облысы бойынша – 62,89 пайыз.
    • Қарағанды облысы бойынша – 62,79 пайыз.
    • Қостанай облысы бойынша – 55,86 пайыз.
    • Қызылорда облысы бойынша – 64,22 пайыз.
    • Маңғыстау облысы бойынша – 50,65 пайыз.
    • Павлодар облысы бойынша – 54,01 пайыз.
    • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63 пайыз.
    • Түркістан облысы бойынша – 57,72 пайыз.
    • Ұлытау облысы бойынша – 53,31 пайыз.
    • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10 пайыз.
    • Алматы қаласы бойынша – 30,36 пайыз.
    • Шымкент қаласы бойынша – 55,32 пайыз.

    Жалпы Қазақстан бойынша сағат 14.00-дегі жағдайға сәйкес, 6 696 002 сайлаушы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 53,12 пайызы.

    Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталған.

    Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.

    Құрылтай сайлауы: сағат 14:00-дегі дауыс беру көрсеткіші қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.