jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Отставкаға кетеді": Тоқаев үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді

    Үкімет үйі
    Үкімет үйі. Иллюстрациялық фото: primeminister.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін өткен брифингте үкімет құрамында болатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Заңға сәйкес, Құрылтай сайлауынан соң үкімет жұмысын тоқтатуға тиіс. Соған сай министрлер кабинеті жасақталады. Жаңа үкіметтің бағыт-бағдары мен міндеттері жөнінде не айтасыз?" - деп сұрақ қойды журналист.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы үкімет барынша табанды, жедел жұмыс атқарып, мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындап отырғанын атап өтті.

    "Дүние жүзіндегі бәсекелестік күшейіп келеді. Нарықтың сын-қатерлеріне мұқият назар аударып, ең бастысы, тиісті деңгейде төтеп беруіміз керек.

    Әлбетте, үкімет отставкаға кетеді. Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады. Ашығын айтқанда, дәл бүгін үкімет жұмысына алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ. Министрлер де, үкімет жетекшісі де қолдан келгенше міндеттерін атқарып жатыр.

    Бірақ кадрлық өзгерістер әрдайым болады. Өйткені бұл үкіметтің жұмысына қан жүгіртеді. Мәселе біреуді орнынан босатуда емес. Мен жай сылтаумен жұмыстан шығаруға қашанда қарсымын. Әсіресе, қазіргі тілмен айтқанда, медиадағы контент немесе мазмұн үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ.

    Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Өйткені бұл күрделі процесті алға жетелеп отыру қажет. Бұл істе үкімет маңызды рөл атқарады", - деп жауап берді президент.

    "Отставкаға кетеді": Тоқаев үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.