Құрылтай сайлауы: сағат 16:00-дегі дауыс беру көрсеткіші қандай
Жарияланған күні:

Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 8 млн 240 мың адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова айтты.
Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 16:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша — 46,38%. 2. Абай облысы бойынша — 71,18%. 3. Ақмола облысы бойынша — 73,69%. 4. Ақтөбе облысы бойынша — 75,63%. 5. Алматы облысы бойынша — 67,23%. 6. Атырау облысы бойынша — 63,37%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 61,81%. 8. Жамбыл облысы бойынша — 69,11%. 9. Жетісу облысы бойынша — 77,03%. 10. Қарағанды облысы бойынша — 70,91%. 11. Қостанай облысы бойынша — 70,09%. 12. Қызылорда облысы бойынша — 81,38%. 13. Маңғыстау облысы бойынша — 65,86%. 14. Павлодар облысы бойынша — 67,06%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 63,94%. 16. Түркістан облысы бойынша — 76,73%. 17. Ұлытау облысы бойынша — 64,29%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 79,33%. 19. Алматы қаласы бойынша — 36,65%. 20. Шымкент қаласы бойынша — 67,92%.
"Жалпы, еліміз бойынша сағат 16:00–де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00–де беріледі", — деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2416848-quryltai-sailauy-sagat-16-00-degi-dauys-beru-korsetkishi-qandai/
