jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Денсаулығына байланысты ем алып жатқан Кенжебек Жанәбілов ауруханада дауыс берді

    Кенжебек Жанәбілов
    Кенжебек Жанәбілов. Фото: ӨКҚ

    "МузАРТ" тобының солисі, танымал әнші Кенжебек Жанәбілов ауруханада дауыс берді. Ол денсаулығына байланысты емханада жатқан болатын, деп хабарлайды Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, денсаулығына байланысты ем алып жатқан әртіс ел өміріндегі маңызды саяси оқиғадан тыс қалмаған. Ол дауыс беру үшін арнайы қарастырылған мүмкіндікті пайдаланды.

    Осылайша Кенжебек Жанәбілов азаматтық жауапкершілік танытып, дауыс беруге қатысты.

    Ол әр азамат ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға үлесін қосуға тиіс екенін атап өтті.

    "Бүгін мен таңдау жасадым. Сіздерді де дауыс беруге және ел болашағы үшін бар күш-жігерлеріңізді салуға шақырамын", - деді әнші.

    Денсаулығына байланысты ем алып жатқан Кенжебек Жанәбілов ауруханада дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.