Құрылтай сайлауы: 11 елде дауыс беру аяқталды
Жарияланған күні:

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Оның ішінде 11 елде дауыс беру аяқталды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6007-сі өз таңдауын жасаған.
Шетелдегі дауыс беру рәсімін Астана уақытымен сағат 19:00–де жұмысын бастаған АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі аяқтайды.
Шетелдегі учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хаттамаларды дауыс беру аяқталғаннан кейін дереу Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2416935-quryltai-sailauy-11-elde-dauys-beru-aiaqtaldy/
