Құрылтай сайлауы: сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші қандай
Жарияланған күні:
Читать на русском
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі жағдай бойынша алдын ала мәліметіне сай, Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 74,19 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегіне сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 74,19 пайызы дауыс берді. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 92,16 пайыз. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында байқалды, онда сайлаушылардың 43,23 пайызы дауыс берген.
Астана қаласы бойынша – 51,67 %
Абай облысы бойынша – 81,41%
Ақмола облысы бойынша – 82,6 %
Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%
Алматы облысы бойынша – 71,17%
Атырау облысы бойынша – 70,74%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%
Жамбыл облысы бойынша – 85,18
Жетісу облысы бойынша – 91,19%
Қарағанды облысы бойынша – 76,28%
Қостанай облысы бойынша – 76,47%
Қызылорда облысы бойынша – 90,75%
Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%
Павлодар облысы бойынша – 71,20%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%
Түркістан облысы бойынша – 92,16%
Ұлытау облысы бойынша – 70,72%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%
Алматы қаласы бойынша – 43,23%
Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.
"Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19 пайызын құрады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланады", - делінген ОСК хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2416967-quryltai-sailauy-sagat-20-00-degi-dauys-beru-korsetkishi-qandai/
