jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Құрылтай сайлауында қанша адам заң бұзушылық үшін жауапқа тартылды

    Прокуратура
    Прокуратура. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Құрылтай сайлауы кезінде сайлау комиссиялары заң бұзушылықтар тіркеген жоқ. Алайда жеті азамат толтырылған бюллетеньдердің фотосын жариялағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сайлау комиссиялары тарабынан ешқандай заң бұзушылық байқалмады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура аппаратының БАҚ-қа мониторинг жүргізу және қоғаммен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов мәлімдеді.

    "Сотқа арыз-шағымдар түскен жоқ. Прокуратура органдары сайлауға қатысты өтініштерді қарастырған жоқ. Дауыс беру процесі аяқталғанға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар жеті азаматты қысқартылған тәртіппен айыппұл салды. Олардың барлығы толтырылған бюллетеньдердің суретін таратқан. Бұл – заңсыз үгіт-насихат болып саналады. Заң бұзушылар өз кінәсін мойындап, желідегі жазбаларын өшірді. Басқа жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ", - деп атап өтті спикер.

    Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау күнінде еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сайлау комиссиялары мен байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың еркін дауыс беруіне қажетті жағдай жасалды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.

    "Он мыңнан астам сайлау учаскесінің бірде-бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жалғасып жатыр. Дауыс беру аяқталғанымен, ішкі істер органдарының жұмысы жалғасуда", - деді спикер.

    Бұдан әрі сайлау құжаттарын сайлау комиссияларына қауіпсіз жеткізу қамтамасыз етіледі. Полиция барлық іс-шара толық аяқталғанға дейін қызмет атқаруын жалғастырады. Жағдай ІІМ бақылауында.

    Құрылтай сайлауында қанша адам заң бұзушылық үшін жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.