jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Құрылтай сайлауы: тағы бір экзитполдың нәтижесі қандай

    Бюллетень
    Бюллетень. Фото: Алматы ӨКҚ

    "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС Қазақстан Құрылтайы депутаттарын сайлау күні өткізілген экзитпол нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еуразиялық интеграция институты Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішева мәлімдегендей, 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде институт Қазақстанның 17 облысындағы, сондай-ақ Астана, Алматы мен Шымкент қалаларындағы сайлау учаскелерінен шыққан азаматтар арасында exit poll өткізді.

    Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның 129-ы қалаларда, 71-і ауылдық жерлерде орналасқан. Зерттеуге барлығы 30 мың респондент қатысты. Арнайы дайындалған интервьюерлер олардан face-to-face әдісімен сауалнама алды.

    Зерттеу нәтижелерінің қателік шегі 1 пайыздан аспайды. Күн ішінде жеті рет өлшеу жүргізілді. Сайлау учаскелерінен шыққан респонденттерге "Қай партияға дауыс бердіңіз?" деген сұрақ қойылды.

    "Exit poll нәтижесі бойынша, "Әділет" партиясына респонденттердің 71,8 пайызы, "Ауыл" партиясына 6,4 пайызы дауыс берді. Respublica партиясы 5,4 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 5,2 пайыз, "Ақ жол" демократиялық партиясы 5,1 пайыз жинады. Қазақстан Халық партиясын (ҚХП) дауыс бергендердің 3,0 пайызы, "Байтақ" жасылдар партиясын 1,0 пайызы таңдады. Барлығына қарсы болғандар – 2,1 пайыз", – деді спикер.

    Экзитпол (ағылшын тілінен exit poll – "шыға берістегі сауалнама") – әлемдік әлеуметтік тәжірибеде қолданылатын азаматтарға сауалнама жүргізу рәсімі. Оны әлеуметтік қызметтер сайлаушылар дауыс беріп шыққаннан кейін сайлау учаскелерінің маңында өткізеді.

    Еске салсақ, бұған дейін "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" (СОЦИС-А) жеке қоры Қазақстан Құрылтайы депутаттарын сайлау күні өткізілген экзитпол нәтижелерін жариялаған болатын.

    Құрылтай сайлауы: тағы бір экзитполдың нәтижесі қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.