"Қоғамдық саясат институты" экзитпол нәтижелерін назарға ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қоғамдық саясат институты" жекеменшік мекемесі Құрылтай депутаттарын сайлау күні өткізілген экзитпол нәтижелерін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
В день выборов депутатов Курултая Институт общественной политики по заказу "Седьмого канала" провел exit poll. Согласно результатам опроса голоса избирателей распределились следующим образом:
Құрылтай депутаттарын сайлау күні "Қоғамдық саясат институты" "Жетінші арнаның" тапсырысы бойынша экзитпол өткізді. Сауалнама нәтижелері мынадай:
- "Әділет" партиясы – 72,3 пайыз;
- "Ауыл" партиясы – 6,2 пайыз;
- Respublica артиясы – 5,2 пайыз;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,1 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,0 пайыз;
- Қазақстан Халық партиясы – 2,8 пайыз;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 0,9 пайыз;
- Барлығына қарсы – 2,5 пайыз.
Сауалнама еліміздің барлық өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілді. Оған 24 мыңнан астам респондент қатысты. Зерттеудің қателік жіберу шегі ±0,63 пайызды құрайды.
Экзитпол (ағылшын тілінен exit poll – "шыға берістегі сауалнама") – әлемдік әлеуметтік тәжірибеде қолданылатын рәсім. Әлеуметтік қызметтер оны азаматтар дауыс беріп шыққаннан кейін сайлау учаскелерінің маңында өткізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2417063-qogamdyq-saiasat-instituty-ekzitpol-natizhelerin-nazarga-usyndy/
