jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Құрылтай сайлауы: қорытынды нәтижелер жарияланды

    Құрылтай сайлауы
    Құрылтай сайлауы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бүгін аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша дауыс берудің түпкілікті нәтижелерін жариялай аламыз.

    Қазақстанда барлығы 12 623 289 адам дауыс беру құқығына ие. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайызын құрайды", - деді ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.

    Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда сайлауға 224 357 адам артық қатысқан.

    Бес пайыздық межені бес партия еңсерді:

    "Әділет" – 71,17% дауыс;

    "Ауыл" – 6,26%;

    Respublica – 5,56%;

    ЖСДП – 5,11%;

    "Ақ жол" – 5,21%.

    Сайлауға қатысқан қалған екі партия аз дауыс жинады:

    Қазақстан Халық партиясы – 3,11%;

    "Байтақ" – 1,07%.

    "Барлығына қарсы" нұсқасына сайлаушылардың 2,51 пайызы дауыс берді

    Құрылтай сайлауы: қорытынды нәтижелер жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.