Құрылтайға өткен партияларға мандаттар қалай бөлінді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жексенбідегі сайлаудан кейін Құрылтайдағы партиялық мандаттардың қалай бөлінгені белгілі болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жариялады. Нәтижесінде:
- "Әділет" партиясы – 6 528 948 дауыс немесе 71,17%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 459 058 дауыс немесе 5,11%;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 97 751 дауыс немесе 1,07%;
- Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс немесе 3,11%;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 574 621 дауыс немесе 6,26%;
- "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 478 083 дауыс немесе 5,521%;
- Respublica партиясы – 509 631 дауыс немесе 5,56%;
- Барлығына қарсы 230 446 адам немесе 2,51% дауыс берді.
Бес партия мандат бөлу рәсіміне өтті. Қажетті дауыс санын жинай алмаған екі партия Құрылтайға өтпеді.
Мандаттар төмендегідей бөлінді:
- "Әділет" партиясы – 110 мандат,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат,
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат,
- "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат,
- Respublica партиясы – 9 мандат.
Еске салсақ, 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2417935-quryltaiga-ar-partiiadan-qansha-adam-otedi/