jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға желіде тіркелуге тыйым салу туралы пікірін айтты

    желі қолданушысы
    Телефон ұстап отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Тамыз конференциясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын сақтау туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Ақорда.

    Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке және елдің орнықты дамуына өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығы, адамгершілік тәрбиесі ықпал ететін маңызды факторға айналғанын сөз етті.

    "Қазіргі жағдай 2018 жылы қабылдаған "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Заңды қайта қарауды және елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.

    Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі (биыл маусым айында парламент қарауына ұсынылды). Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын", - деді президент.

    Оның айтуынша, көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады.

    "Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

    Үкімет балаларды қорғау мақсатында мазмұнды (контентті) сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн. Белгілі бір, мейлінше объективті себептерге байланысты жауапкершілікті ата-аналарға ғана артып қоя алмаймыз.

    Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", - деді ол.

    Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға желіде тіркелуге тыйым салу туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.