Respublica партиясынан Құрылтайға баратын депутаттардың есімі аталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 26 тамызда Respublica партиясы Орталық кеңесінің отырысында Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың есімі бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Respublica партиясының сайтында жарияланған ақпаратқа сай, орталық кеңес партиялық тізімдегі 9 кандидаттың кезектілігін анықтады. Оларға депутаттық мандаттар бөлінеді. Сондай-ақ тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолдау туралы шешім қабылданды.
Respublica фракциясының құрамында VIII шақырылымдағы мәжілістің 5 депутаты Құрылтайдағы парламенттік жұмысын жалғастырады. Тағы 4 кандидат депутаттық мандатқа алғаш рет ие болады.
Осылайша, Құрылтайға Respublica партиясынан мына азаматтар өтеді:
Бекжан Айтқұлов;
Руслан Идрисов;
Мейірхат Қасымбаев;
Олжас Күспеков;
Динара Наумова;
Екатерина Смолякова;
Нұргүл Тау;
Махамбет Хасенов;
Айдарбек Қожаназаров.
Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде ҚР сайлау туралы заңнамасының талаптары сақталғаны атап өтілді. Оның ішінде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты талаптар орындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2418789-respublica-partiiasynan-quryltaiga-baratyn-deputattardyng-esimi-ataldy/
