"Ақ жол" партиясынан Құрылтайға кім барады: партия тізімдерді жария етті
Жарияланған күні:

"Ақ жол" Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындылары бойынша Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2026 ж. №48/84 қаулысына сәйкес, "Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын "Ақ жол" ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді. Олар:
1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
7. Шынасылова Мейраш
8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы", - делінген партияның ресми сайтындағы хабарламада.
Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы шығарған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша "Ақ жол" Демократиялық партиясы 478 083 дауысқа (5,21%) ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2418792-aq-zhol-partiiasynan-quryltaiga-kim-barady-partiia-tizimderdi-zhariia-etti/
