Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 28 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
- осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2419688-qazaqstan-ukimeti-otstavkaga-ketti/
