jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан Халық Кеңесі қашан жасақталатыны белгілі болды

    Құрылтай депутаттары
    Құрылтай депутаттары. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Халық Кеңесінің қашан жасақталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады.

    Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган.

    Осылайша қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді", - дейді президент.

    Тоқаев сөз соңында Құрылтай жұмысына табыс тіледі.

    "Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс.

    Әділетті, Күшті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Құрылтай жұмысына табыс тілеймін!", - деп сөзін аяқтады мемлекет басшысы.

    Қазақстан Халық Кеңесі қашан жасақталатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.