Вице-президент пен премьер-министр лауазымына кандидаттар қашан белгілі болады: Тоқаев жауабы
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына кандидаттардың есімі қашан белгілі болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Ата заңға сәйкес үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін.
Содан кейін сіздермен ақылдасып, үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын.
Құрылтай мен үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын.
Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс.
Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек", - деп түсіндірді президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2419784-vitse-prezident-pen-premer-ministr-lauazymyna-kandidattar-qashan-belgili-bolady-toqaev-zhauaby/
