jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда заңнама Конституция нормаларын ескере отырып, түзетіледі

    Шенеуніктер
    Шенеуніктер. Көрнекі сурет: pexels.com

    Қазақстанда заңнама түзетіледі. Бұл туралы Құрылтайдың алғашқы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет.

    Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңды қабылдады.

    Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек.

    Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек.

    Бұған дейін сенат мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын, нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп отырды. Бұл жұмысты жандандыру қажет", - деді президент.

    Қазақстанда заңнама Конституция нормаларын ескере отырып, түзетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.