jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Олжас Бектенов премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов
    Олжас Бектенов. Фото: t.me/KZgovernment

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 тамызда өткен Құрылтай отырысында премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесуде жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

    Талқылауға "Әділет" партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

    Депутаттар Олжас Бектеновтің премьер-министр лауазымына кандидатурасын жақтап дауыс берді.

    Кейін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

    Олжас Бектенов премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.