Бектенов қызметке қайта тағайындалғаннан кейін Тоқаевтан алғашқы тапсырмаларды алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
️Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.
️Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2420733-bektenov-qyzmetke-qaita-tagaiyndalgannan-keiin-toqaevtan-algashqy-tapsyrmalardy-aldy/
