jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

    Тау-кен байыту комбинатының құрылысы
    Тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде «Liaoning Hongda Group» компаниясы "Бурабай-Жалғызағаш" тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, "Liaoning Hongda Group" компаниясының бас директоры Тан Цзюган қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.

    "Комбинат құрылысының басталуы – Сыр өңірі үшін тарихи оқиға. Бұл – облысымыздың индустриялық дамуына жаңа серпін, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жоба.

    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

    Осындай ауқымды әрі заманауи жобаны аймағымызда жүзеге асырған "Liaoning Hongda Group" компаниясына зор ризашылығымды білдіремін.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді жаңа инвестициялық циклге көшіру, заманауи өндірістерді іске қосу және өңірлердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырған болатын.

    Тау-кен байыту комбинатының құрылысы
    Тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бүгінгі тау-кен байыту комбинаты – осы ауқымды жұмыстардың аса маңызды бөлігі. Құрылысына 138 млрд теңге қаралған жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарлануда. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

    Бүгін басталып жатқан құрылыс сәтті аяқталып, мерзімінде іске қосылып, ел игілігіне қызмет ететініне сенемін", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шарада компания директоры Тан Цзючан, ел ағасы Изадилла Нәрзілдаев сөз сөйледі.

    Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.

    Қазіргі уақытта кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндірістік жолдар салу да қолға алынып, құрылыс алаңдары анықталды. Бұдан бөлек, электр желілеріне қосылуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

    Қазіргі уақытта нысанды электр қуатымен қамтамасыз ету және электр желілеріне қосу межеленген.

    Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram