jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мәслихат депутаттары Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады

    Марат Сұлтанғазиев
    Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы облысы мәслихатының депутаттары ертең өңірдің жаңа әкімін тағайындау үшін бас қосады. Қазіргі таңда облысты Марат Сұлтанғазиев басқарып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық мәслихат аппаратына сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, "Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Алматы облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында, Жамбыл көшесі 13/1  (Қонаев қаласының Мәдениет үйі) өтеді.

    Депутаттарды тіркеу сағат 09:00-де басталады.

    Мәслихат депутаттары Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram