Алматы облысының әкімі лауазымына Ғани Майлыбаев та кандидат болған
Жарияланған күні:

Премьер-министр Олжас Бектенов және Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты. Олжас Бектенов Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роман Скляр депутаттарға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсыну туралы хатын оқыды.
"Жиынға 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83 пайызы қолдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Өңір активімен өткен жиында премьер-министр Олжас Бектенов Марат Сұлтанғазиевке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Үкімет жетекшісі Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Шыңғыс Әріновті таныстырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2423115-almaty-oblysynyng-akimi-lauazymyna-gani-mailybaev-ta-kandidat-bolgan/
