Тоқаев жаңа мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа тапсырма берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы жақында мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалған Арман Қырықбаевты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
Кездесу барысында gрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев vәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.
️Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.
️Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды.
️Бұдан бөлек vемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2423182-toqaev-zhanga-madeniet-zhane-aqparat-ministri-arman-qyryqbaevqa-tapsyrma-berdi/
