Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Тоқаев жеңіске үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін айтты
Жарияланған күні:

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айбек Смадиярдың сөзінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр.
"Мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.
Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Telegram-дағы арнасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
