jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Өңірлердегі ескерткіштерде жершілдік пен басқа да кеселдердің белгілері бар": вице-президент қоғамдағы мәселені ашық айтты

    Ерлан Қарин
    Ерлан Қарин. Фото: ҚР президентінің ресми сайты

    Еліміздің вице-президенті Ерлан Қарин белгілі мүсіншілермен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Қарин алдағы уақытта ескерткіштердің мағыналық және мазмұндық сапасына көңіл бөлетінін баса айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы вице-президент желідегі парақшасында жазды.

    "Алдағы уақытта тарихи жадты сақтау мәселелерімен жүйелі түрде айналысатын боламыз.

    Осыған дейін ескерткіштерді орнатуды реттеп, тәртіпке келтірдік. Енді олардың мағыналық, мазмұндық сапасына қатысты жұмысты бастаймыз. Өйткені, барлығына ортақ бір ұстаным керек.

    Өңірлерде ашылған ескерткіштерден жершілдік пен қоғамдағы тағы да басқа бір кеселдердің белгілері байқалады. Шын мәнінде, қандай да бір ескерткіш, мүсін немесе шағын сәулет формасы болсын белгілі бір деңгейде ұлттық бірегейлікті дамытуға, ортақ қоғамдық құндылықтарды орнықтыруға қызмет етуі керек.

    Сондықтан, қалыптасқан осы бір кемшіліктерді түзетумен жүйелі әрі тұрақты негізде айналысуды көздеп отырмыз. Бұл ретте, еліміздің бірқатар танымал мүсіншілерімен кездесіп, өз ой-пікірлеріммен бөлістім. Олармен бірнеше жаңа бағытта жұмыс жүргізуге келістік", - деді ол.

    "Өңірлердегі ескерткіштерде жершілдік пен басқа да кеселдердің белгілері бар": вице-президент қоғамдағы мәселені ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram