"Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевқа құны 21 трлн теңгеге жететін жобалар туралы баяндады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2026 жылы қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр.
️Соның ішінде:
- Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу,
- Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту,
- Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы,
- Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту,
- Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар.
️Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Ол сондай-ақ қордың инвестициялық портфелі жөнінде мәлімет берді.
️Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Жақыпов, сондай-ақ қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады.
️Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр.
Президент қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2425305-samuryq-qazyna-basshysy-toqaevqa-quny-21-trln-tenggege-zhetetin-zhobalar-turaly-baiandady/
