jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысы Тоқаевтың алғысын алды

    Ғизат Нұрдәулетов пен Қасым-Жомарт Тоқаев
    Ғизат Нұрдәулетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын алды. Фото: Айбек Смадияр

    Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram-дағы арнасында жазды.

    Айбек Смадиярдың сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлының кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.

    Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 тамызда Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылғанын хабарлағанбыз.

    Ақорда мәліметінше, ол бұл қызметті 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап атқарған.

    Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы дүниеге келген.

    1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

    1990-2017 жылдары құқық қорғау (прокуратура органдары, мемлекеттік тергеу комитеті) және арнайы (ұлттық қауіпсіздік органдары) мемлекеттік органдарда қызмет атқарды.

    2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары болды.

    2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметін атқарды.

    2022-2023 жылдары президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

    1-санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі (2022).

    Қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысы Тоқаевтың алғысын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram