jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Пан Ги Мун
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Пан Ги Мун. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кездесуде мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталған. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасқан.

    Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram