Бұрынғы экология министрі Ерлан Нысанбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бұған дейін Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарған Ерлан Нысанбаев премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі растады. Баспасөз қызметі Ерлан Нысанбаевтың енді үкімет басшысының экология мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқаратынын нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Нысанбаев экология министрі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына Әлібек Қуантыров келді.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.
2014-2019 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.
2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы мамырға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Экология министрлігін басқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2427738-buryngy-ekologiia-ministri-erlan-nysanbaevtyng-qandai-qyzmetke-tagaiyndalgany-belgili-boldy/
