jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді

    Қайрат Шайжанов
    Қайрат Шайжанов. Фото: instagram.com/kairatsh_08

    Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін – мен үшін ерекше толқынысқа толы күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті", - деп жазды Қайрат Шайжанов Instagram-дағы парақшасында.

    Ол төрт жыл ішінде туған қаласының дамуы үшін шамасы келгенше еңбек еткенін, бұл кезең өзі үшін үлкен жауапкершілік, үлкен мектеп әрі өмірлік тәжірибе болғанын айтты.

    "Осы уақыт ішінде талай мәселені бірге көтердік, талай бастаманы бірге жүзеге асырдық. Әрбір кездесудің, әрбір ұсыныс пен пікірдің мен үшін өз орны бар. Қолдаған жерлеріңізде қанаттанып, сынаған жерлеріңізде шыңдала түстім", - деді ол.

    Қайрат Шайжанов өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша жезқазғандыққа шын жүректен алғыс айтты.

    "Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер.

    Қызмет аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым мен ақ тілегім ешқашан аяқталмайды. Қаламыздың дамуы жалғасын тауып, әр шаңырақта береке мен тыныштық орнасын! Жезқазғанның болашағы жарқын болсын!" - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі лауазымына 2022 жылғы маусымда тағайындалған болатын.

    Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram