jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2027 жылға арналған бюджет жобасында доллар бағамы қанша болып бекітілді

    Теңге мен доллар
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үш жылдық бюджет жобасын Құрылтайда таныстырған кезде 2027-2029 жылдарға арналған құжатта доллар бағамы қанша болып бекітілгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әмрин былтырғы болжам бойынша осы жылға доллар бағамы 540 теңге деңгейінде қарастырылған. Алайда, оның айтуынша, бұл параметрлер 2025 жылы белгіленіп қойған.

    "Ол кезде доллар бағамы 540 теңге, тіпті 550-554 теңге шамасында болды. Сәйкесінше, сол кездегі динамикаға қарап, біз жалпы осындай бағам күтілетінін болжаған едік. Осыған сәйкес биылғы жоспарда да 540 теңге көрсетілген.

    Ал осы жылға келер болсақ, биылғы динамиканы ескере отырып, доллар бағамын 480 теңге деп белгілеп отырмыз. Жыл басынан бері есептесек, орташа бағам 478 теңгені құрайды... Біз консервативті түрде 480 теңгені бекіттік. Бұл мәселені нақтылау үшін қайта оралуымыз мүмкін, бірақ қазіргі таңда оған негіз жоқ", - деді ол.

    Бұған дейін Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева үш жылдық бюджет жобасын таныстыру барысында Жоғары аудиторлық палатаның 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасы бойынша қорытындысында көрсетілген негізгі тәуекелдерді атап өткен еді.

    2027 жылға арналған бюджет жобасында доллар бағамы қанша болып бекітілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram